Ақтөбеде тоңазытқышты тасымалдаудың ерекше жолын тапқандар видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын күлдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеоға қарағанда, ақтөбелік екі тұрғын Lada Priora автокөлігінің жүк салғышына тұрмыстық техниканы сыйдыра алмаған көрінеді. Алайда оларды бұл жағдай тоқтатпаған: олар тоңазытқыштың бір жағын көліктің жүк салғышына қойып, ал екінші жағын тағы біреуі көтеріп жүрген.
Әлеуметтік желі қолданушылары видеоға түрлі пікір қалдырған. Көпшілігі тоңазытқыштың бір жағын көтеріп жүрген ер адамды, «нағыз дос» екен деп әзілдеген.
Ақтөбе облысының поиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірген. Олар жол жүру ережесін бұзу дерегі тіркелмегенін мәлімдеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<