«С.Сейфуллин-Жер» ЖШС-да зейнеткеркүрішші бар» деген хабарды естіп, шаруашылықтың егінжайына аттандық. Ауыләкімдігіндегі мамандардың көмегімен күрішші Жеміскүл Смағұлованы №1 бригададағы күріштігінен кездестірдік. Жүзі күнге тотыққан, орта бойлы, жұмыс киімі өзін ежарасып тұрған оны бригада жетекшісі Жұматай Дүйсенбаев бізге таныстырды.
– Жеміскүл апа – озаткүрішшілеріміздің бірі. Шаруашылықта 20 жылдан астам уақыт еңбек етеді.Сондықтан күріш өсірудің қыр-сырын жақсы меңгерген. Нағыз еңбек үшінжаратылған жан. Бір мезгіл қарап отырмайды. Өз кәсібінен бөлек бригада аспазыауырып қалса немесе үлгере алмаса, оның орнын басып, көмектеседі, – дейдібригадир.
Ж.Смағұлова негізібұрын ауданға қараған «Қаракөл» ауылының тумасы екен. С.Сейфуллин кеңшары 1975жылы құрылғанда жездесі осы ауылға бас маман болып жұмысқа орналасады. Апасыауру-сырқаулы болғандықтан Жеміскүл отбасымен көшіп келіп, көмектеседі. Соданосы ауылда тұрақтап қалып, түрлі жұмыс атқарады. Өмірлік жолдасы Ақберген Асанов шаруашылықта механизатор болып еңбек етеді. Еріне ілесіп Жеміскүл 1983 жылы күріш егуге шығады. 40 жыл механизаторлық өтілі бар Ақберген бүгінде зейнет демалысында. Жұбайы екеуі алты бала тәрбиелеп өсірді. Ұлдарының арасынан Қанат әкесінің жолын қуып, бүгінде мықты механизаторлар санатында. Ол Серікбол Арық басқаратын жеке қожалықта комбайн жүргізеді. Қожалықтың шебер механизаторыболғандықтан оған жақында «Джон Дир» жаткасы сеніп тапсырылды. Бұл бір жағынан жастарды қолдау болса, екінші жағынан шағын қожалықтың шетелдік комбайнды сатып алуы ауыл шаруашылығының дамып келе жатқанын көрсетеді.
Жеміскүл апа биыл 67жасқа толады екен. Зейнеткерлікке шығып, еңбек жолын жалғастырғанына 14 жылболыпты.
– Үйде бос отырғымкелмейді. Ала жаздай күріш егемін. Қыста үйге отын дайындаймын. Еңбек етпесемауырамын. Үнемі қозғалыстың арқасында денсаулығыма ешқандай шағымым жоқ.Басшылар сенім артқан соң, жұмысымды жалғастырып келемін, – дейді диқан.
Биыл зейнеткер күрішшінің қарауында 40 гектар Сыр салысы бар. Егін бітік өсіп, жайқалып тұр. Мұның алдындағы жылдарда 50-60 центнерден өнім алыпты. Ал биыл одан жоғары көрсеткішке жетемін деген үмітте.
«Балапанды күзде санайды» дейді халық даналығы. Кәнігі диқан, еңбеккер ана егінжайының өнімімол болсын деген тілектеміз.
Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ.
Сырдария ауданы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<