Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нұрманов мәлімдеді.
Елімізде кәсіпкерлікке кең қолдау көрсету мақсатында жер заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жалпы, шаруа немесе фермер қожалығы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Соған байланысты жергілікті атқарушы орган, әкім сұралып отырған жер учаскесі бойынша аукционды жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс. Ал, бұл жүйе бүгінге дейін ауылдық жерлерде 6 айда не 9 айда бір рет өткізіліп тұратын. Енді міндетті түрде 90 күн ішінде заң талаптары орындалуы тиіс.
«Сондай-ақ, бұған дейін тұрғын үйіңіздің бір бөлігінен кәсіпкерлік нысан ашу үшін нысаналы мақсатын кәсіпкерлік мақсатқа ауыстыру қажет болатын. Енді бұл туралы заңға өзгерістер енгізілді. Егер сәулет, құрылыс бөлімі сіздің жер учаскеңізді коммерциялық аймақ деп таныса, онда оның нысаналы мақсатын өзгертуге ешқандай міндетті емессіз. Әрине, құжаттар дайындаудан арыласыз, салық төлеуден үнемедейсіз. Сонымен қатар, жерге берілген мемлекеттік актіні де өзгертпесеңіз де болады. Тиісті мемлекеттік органдар да нысаналы мақсатын өзгертуге міндеттей алмайды», – деді облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нұрманов.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<