«Жиһаз жасап беремін»: Қызылордалықтарды алдаған алаяқ ұсталды

980

0

Жиһаз жасап беремін деп 7 қызылордалықты алдап кеткен алаяқ ұсталды.


26 қараша күні 37 жастағы қала тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасының “102” арнасына хабарласты. Оның айтуынша, белгісіз біреу жиһаз жасап беремін деп сеніміне кіріп, 220 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, қазіргі уақытқа дейін не ақшасын қайтармай, не жиһазын жасап бермей жүрген.
Сол күні ұқсас қылмыс бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқармасына алты бірдей қала тұрғынынан арыз келіп түсті. Ол азаматтарға да жиһаз жасап беремін деп сенімдеріне кіріп, сан соқтырған.


Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 29 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Жәбірленушілердің әрқайсысынан 90 мың мен 220 мың теңге аралығында қаражат алған. Жалпы келтірілген шығын – 700 мың теңге.


Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық, бірнеше рет жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<