Жөлек ауылында алғашқы дауыс берген адамға сыйлық берілді

495

0

Бүгін Шиелі ауданы, Жөлек ауылдық, клуб үйіндегі сайлау ҚР-ның Әнұранымен басталды. Сондай-ақ, тұрғындардың ішінде белсенділік танытып, ең бірінші өз дауысын беруге келген жөлек ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейткерей Әбенов жөлек ауылындағы №275 сайлау учаскесінде дауыс берді.

— Бүгін біздің ауыл үшін үлкен мереке — сайлау күні. Біз отбасымызбен осында келіп, дауыс бердік. Біз таңдаған адам жұмысқа қабілетті, халықтың, еңбекшілердің өтініштеріне мұқият болатынына сенімдімін, — деді Сейткерей Әбенов. Ең бірінші дауыс берген ақсақалға арнайы сыйлық табыс етілді.

Айта кету керек, Жөлек сайлау учаскесі мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне сәйкес жабдықталды: олар үшін дауыс беруге арналған жәшіктерге ыңғайлы қол жеткізуі үшін жағдай жасалған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<