Қызылорда облысында ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 13,5 млрд. теңге бөлініп, 277,87 шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Бұл туралы өңірлік комунникациялар қызметінде бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов мәлімдеді.
– Аймақтағы автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінген қаржының 3,3 млрд. тенгесіне 18,5 шақырым құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Ал, 8,9 млрд. тенге 259,63 шақырым күрделі және орташа жөндеу үшін, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына – 1,1 млрд. тенге жұмсалмақ, – дейді облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов.
Сонымен қатар 9 жобаға жобалау-сметалық құжаттамалар және ТЭН әзірлеуге облыстық бюджеттен 175,1 млн. тенге бөлініп отыр. 4-көпір салу және 3-көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, 2018 жылдың қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіші 63,5% жетеді деп күтілуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<