Жүзден озған жүйріктер

377

0

Жүзден озған жүйріктер «Кітап – білім бұлағы». Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырған  «Кітап. Ұлттық рух. Замана тынысы»  атты  «Үздік оқырман-2018» жас оқырмандар байқауы аса тартымды өтті. Кент пен Қазалы қаласындағы 11 мектептен талапкерлер қатысқан  шара оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегілікке тәрбиелеу, жастарды кітап оқуға шақыруды көздеген байқау аталмыш кітапханада осымен  үшінші мәрте мәреге жеткен еді.  
 Ардагер ұстаз Бекетов Қадырбек, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы  Нұржаубаев Ерлан,  оқушылар үйінің бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Зарипова Бақыткүл, №216 орта мектептің мұғалімі Тәжікенова Жазира, орталық кітапхананың әдістеме-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Бекетаева Роза қазылық жасаған сайыс шын мәнісінде білімнің сарқылмас қазына екендігін ұқтырды. «Жүйріктен, жүйрік озар жарысқанда. Байқау қортындысымен М.Горький атындағы №16 орта мектептің оқушысы Зұлқарнай Аяулым бас жүлдені иемденді. Барша талапкерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.  Кешті аудандық орталық кітапхананың директоры Индира Әбілқасымқызы қорытындылап, қатысқан барша оқырмандарға жүрекжарды лебізін білдірді.  
Жұмабек Табынбаев,
Қазалы ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<