Шыны өндірісі: Балқыту пеші 1450 градус температураға жетті

636

0

Аймақта өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында құрылысы басталған шыны зауыты қазан айының ішінде алғашқы өнімін шығарады деп жоспарлануда. Бұл ретте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы негізінде осыған дейін арнайы штаб құрылды.

Туындаған мәселелер шұғыл шешіліп, инвесторларға көмек көрсетілді. Нәтижесінде өндіріске қажетті газ, су, электр желілері тартылды. Балқыту пеші қосылып, қазірдің өзінде 1450 градус температураға жетті.

Алдағы уақытта шыны зауытының айналасында жаңа өнім түрлерін шығаратын 8 ілеспе кәсіпорын ашу көзделді.

Облыс әкімі жұмыс процесін бақылап, бірінші орынбасары Серік Қожаниязовқа және шетелдік компания өкілдеріне өндіріс орнының алғашқы өнімін шығару жұмыстары іркіліссіз және уақытылы басталуы қажет екенін тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<