Ардагерлер съезд шешімін қолдады

561

0

Бүгін облыс ардегерлері бас қосып, съезд делегаттары облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаевпен кездесті.

Кездесу барысында «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съездінің күн тәртібінде көтерілген мәселелерді ортақ талқыға салды.
Облыстық ардегерлер кеңесінің төрағасы, съезд делегаты Серік Дүйсенбаев сөз алып, партияның тарихи маңызды съезінде ел ертеңі мен болашағының бағыт-бағдары айқындалғандығын, партия мүшелері Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынып, ұсыныс делегаттармен бірауыздан қабылданғандығы жөнінде атап өтті.

Бұл шешімнің еліміздің жаңа дәуірге қадам басып тұрған тұстағы маңызы өте жоғары. Алдымызда түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыру міндеті тұрғандықтан, бізге ел тізгінін берік ұстап, барлық қиындықтан алып шығатын, көшімізді бастайтын Президентіміздей тұлға керек.Бұл орайда партияның да, Халықтық коалицияның да ұстанған бағыты бір екенін көрсетті, – деді Серік Дүйсенбаев.
Өз кезегінде сөз алған Сұлтанбек Тәуіпбаев алқалы жиында Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру міндетіне сай ортақ құндылықтар мен ұлттық мүдде біріккен партияның Саяси Тұғырнамасы бекітілгенін атап өтіп, бұл құжат еліміздің дамуы мен халқымыздың әл – ауқатын арттыруға ықпал ететіндігіне зор сенім білдірді.

Жалпы ардегерлер қауымы мемлекет басшысының барлық реформалары бүгінгі күні іске асып жатқандығын тілге тиек етіп, алдағы сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевты ең тиімді, әрі лайықты кандидат екендігі жөнінде ортақ пікірлерін білдірді. Және көршілес елдердегі орын алып жатқан оқиғаларды мысал етіп, мұндай жағдайда жалпы ел болып, ортақ шешім қабылдаудың маңызды екенін атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<