Адамды манипуляциялаудың әлеуметтік-психологиялық әдістері

672

0

Қоғамдағы өзгерістер кезінде жеке тұлға кез келген оқиғаларға мән бермей, бейсаналы түрде әрекет етуіне тура келеді. Әсіресе, жастардың теріс жолға түсуіне олардың өмірлік тәжірибесінің аздығы да қатты әсеер етеді. Қазіргі қоғам рухани байлықтан гөрі материалдық құндылықтарды жоғары қояды. Соның салдарынан өскелең жас психологиялық күйзеліске ұшырап жатады.

Мәселен, азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға зиянын тигізетін деструктивті діни ағымдар бар. Олар ілімінің ақиқаттылық деңгейін емес, өздеріне мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуын талап етеді.

Шетел психологтарының еңбектерінде деструктивті діни ағымдардың адамдарды өздеріне тарту әдістері мен кезеңдері, психологиялық манипуляция жасау ерекшеліктері кеңінен қарастырылған.

Адам психикасына әсер етудің ең тиімді әдістерінің бірін нейролингвистикалық бағдарламалау деп атауға болады.  

Психологияның ғылым ретіндегі көзқарасы бойынша нейролингвистикалық бағдарламалаудың теориялық жаңалығы, дағдарыстық жағдайларды адамның сәтті мінез-құлқын, жағдайын жақсарту мақсатында қолданатын әдіс болып табылады. Нейролингвистикалық бағдарламалау негізінде адамның көңіл-күйлерін белгілі бір мінез-құлық үлгілерімен байланыстырып, олардың іс-әрекеттерімен идеялар ұйымдастыру жолдарына нұсқау береді.

Нейролингвистикалық бағдарламалау – үйреншікті қарым-қатынас үлгілерін өзгертуге және өмірге деген сенімділікті арттыруға бағытталған әдіс. Адамның сезім мүшелеріне осындай сыртқы әсер ету, соның арқасында индивид манипулятордың параметрлері мен ниеттеріне сәйкес әрекет ете бастайды. Әрине, мұндай технологиялардың адамға жағымды әсерін жоққа шығаруға болмайды (медицинада, әлеуметтік жұмыста және т.б.), бірақ көбінесе манипуляция әдістерін жеке адамдар мен өзімшіл мақсаттарды көздейтін адамдар тобы тиімді қолданады.

Өткен ғасырдың ортасында Р.Бандлер мен Дж.Гриндер адамдарға қатысты тиісті технологияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарлады. Стратегиялық психотерапия моделі негізінде М.Эриксон, онда жаппай және гипноздық күйлерді өз технологияларында адамның мүмкіндіктерін кеңейту құралы ретінде қолданды. Адамды гипноздық транс жағдайына енгізу арқылы олар тұлғаның санасында өзгертілген сана күйін туғызды. Бұл жағдайда адам ұнамды болып, жоғарылап, оның жеке басының өзгеруіне себеп болатын көзқарастар пайда болды .

Нейролингвистикалық бағдарламалау технологиясын немесе оның элементтерін басқа психотехникамен бірге іс жүзінде қолдану қылмыстық және қылмыстық емес екенін ескеру қажет. Алайда, алаяқтың қолында деструктивті діни ағым құрбанына қарсы қолданатын өз тәсілдері бар. Яғни психологиялық ықпал ету жолдарымен оларды өз дегенінен шыға алмайтын жағдайға жеткізеді. Осылайша, манипулятор алдын-ала анықтаған бағытта әрекет етіп отырады.  

Деструктивті діни ағымға кірген жеке тұлғалардың барлық мүмкіндіктерін еркін пайдалану үшін оларға сананы манипуляциялау және нейролингвистикалық бағдарламалау әдістерін белсенді қолданып отырады. Әрбір жеке тұлғаға белгілі бір сенім, мінез-құлық, ойлау стилі және эмоционалды реакциялар жиынтығы тән.

Қазіргі уақытта қандай жеке тұлғаларда әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан әлсіздік, тұрақсыздық немесе жағымсыз жағдайлар бар екендігіне назар аудара отырып, манипуляция әдістерін жүйелі жүргізіп отырады.

Жеке тұлғаға эмоциялық әдістерді пайдаланып, сондай-ақ психологиялық әсер ете отырып, оны отбасынан, қоғамнан, өз халқының мәдени және әлеуметтік өмірінен ажыратуға тырысады. Себебі, жанына жақын, отбасы, туыстары мен ақыл кеңес беріп отыратын жанашыр жақындарынан ажыраған адам психологиялық тұрғыда әлсіз болып келеді. Мұндай жағдайға душар болған тұлғаға психологиялық манипуляция жасау жеңіл болады.

Жоғарыда көрсетілген қарым-қатынас пен ықпалға күмән туындаған кезде кейбір жеке тұлғалар өзін тоқтата алады. Алайда «өзінің жеке ойымен көзқарасы өзгерген» адамдар да кездеседі. Мұндай таным түсінігіне өзгеріс енген адамдарды жоғары деңгейдегі курстарға баруға көндіреді. Осы курстардан өткендер деструктивті ағымның ықпалына  еріп кетіп жатады.

Сонымен қатар, жаһандану әсерінен жастардың бойында теріс әрекеттердің белең алуы жағдайында ислами құндылықтар жайлы деректер жүйеленіп, зерделеніп, оның педагогикалық-психологиялық маңызы айқындалып, жастар тәрбиесіне де пайдалануды қажет етеді.

Қорытындылай келе, деструктивті діни ағымдардың алдын алу үшін психологиялық қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру қажет. Бұл жерде қоғам, мектеп және отбасы бірлесе отырып, жастарды руханиятқа баулу керек.

Қарлығаш Қойшыбаева

Дін мәселелерін зерттеу орталығының

аға маман-психолог

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<