Азық-түлік бағасының өсу инфляциясының деңгейі 19,2%-ке жетті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын осындай елге сын болатындай мәлімдемесімен бастады.
Қысқа мерзімдегі мұндай инфляцияның көрсеткіші, меніңше, біздің елдің тарихында болмаған. Үкіметтің инфляцияны ескі әдіспен тоқтатқысы келетіні де – шындық әңгіме, бұндай пікірлер халық арасында айтылып та жүргені рас. Жаңа Қазақстанды құру бағытын ұстанған кездегі мұндай ескі сарқыншақтағы әрекеттер ел дамуына сөзсіз кедергі келтіреді. Президент айтқандай, біз әлі де проблемалардың себептерімен емес, салдарымен күресіп келеміз.
Халыққа күнделікті ең қажетті тауарлар мен тағамдар бағаларының күн сайын өсуі өнім жеткізуші мен өнім таратушы кәсіпкерлердің ортасында бағаны қолдан жасанды көтеріп жүрген делдалдардың, былайынша айтқанда спикулянттардың кесірінен. Сол себепті осы кеңейтілген отырыстан кейін халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету және басқа да сауда салалары бақылауға алынып, тазартулар жүргізілсе халықтың да еңсесі біраз көтеріліп қалар еді. Үкіметке және жалпы билікке сенімі артар еді.
Бауыржан ҮСЕНБАЕВ,
облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<