Бағдарламалар жемісі

300

0

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен мәслихат депутаттарының форумында көптеген мәселе кеңінен қамтылды.

Форумда «Кедергісіз келешек», «Ауыл аманаты» бағдарламалары өз нәтижесін беріп жатқандығы айтылды. Сондай-ақ Президент жастарды қолдау бағытында да маңызды іс-шаралар жүзеге асқанын атап өтті.

Айта кетерлігі, конституциялық реформа партиялардың аймақтағы белсенділігін арттырды. Халық жергілікті мәселелерді шешуге белсене атсалысуға мүмкіндік алды. Осындай жаңашыл істер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының өз деңгейінде жұмыс жасауына жол ашты. Саяси реформалар мәслихаттардың құзыретін кеңейтуге негіз қалады. Алдағы уақытта депутаттар облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін баламалы негізде таңдайтын болды.

Жиын барысында Президент мәслихат депутаттарының біліктілік деңгейін жоспарлы түрде арттыру қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ АЭС құрылысы туралы жалпыұлттық референдум жөнінде пікір білдірді.

Жорабек НҰРЫМБЕТОВ,

облыстық мәслихат депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<