Бақылау жұмыс өнімділігін арттырады

707

0

Бүгінде партиялық бақылау жүйесінің аясы кеңейген, саяси ұйымның белсенді қолдаушысына, сенімді көмекшісіне айналды. Басты міндеттердің бірі – әлеуметтік маңызы бар бағдарламалардың орындалуына белсене атсалысу.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлымен жыл басынан бері атқарылған жұмыстар жайында сөйлескен едік. Биыл аймақтық және аумақтық филиалдар бойынша партиялық бақылау комиссияларының 85 отырысы өткізілген. Мониторинг жұмыстар барысында 353 ұсыныс әзірленіп, оның 344-і орындалған. 

Партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрсетілген құрылыс нысандарына апта сайын рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, жыл басынан 50 нысанға партиялық бақылау бекеттері орнатылды. Оның бүгінде 37-сі пайдалануға берілсе, 30-на ашылды деген партиялық белгі ілінген.

Сайлауалды бағдарламаның орындалуына жүргізілген талдау есепті кезеңде облыс бойынша 115 іс-шараның 77-сі (67%) орындалғанын, 38 (33%) орындалу сатысында екенін көрсетті.

Облыс орталығы мен барлық аудандардағы құрылыс мерзімі кешіктіріліп жатқан нысандарға зерделеу жұмыстарын жүргізуге қатысқан комиссия бірнеше мердігердің жұмысына салғырт қарап, жауапсыздық танытқанын анықтаған. Осыған орай депутаттар аталған компанияларға қатысты ҚР Бас прокурорына, ҚР Жоғарғы сотына, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне және «AMANAT» партиясы басшылығына арнайы хат жолдады. Одан бөлек мектептер мен аурухана асханаларына, мектептердің жаңа оқу жылы мен әлеуметтік нысандардың қысқы жылу маусымына дайындығына және тұрақтандыру қорына, жеке бастамамен салынып жатқан 95 нысанның құрылысына мониторинг жүргізілді.

Нарықтағы бағаның тұрақтануына бақылау жасап, 532 нысан тексерілген. Оның 255-і – сауда нысаны, 143-і – дәріхана, 131-і – жанармай құю станциясы. Мониторинг барысында сауда орындарында 24 бұзушылық анықталған. Мәселен, дүкендер мен үлкен сауда орталықтарында әлеуметтік маңызы бар тауар бағасының сөреде көрсетілмеген. сөреде көрсетілген баға мен фискальді чек бағасы сәйкес келмейді. әлеуметтік маңызы бар тауарларға арнайы орын белгіленбегені және басқа да мәселелер бар.

Партиялық бақылау комиссия  құрамындағы фракция мүшелерінің қатысуымен жыл басынан 98 өтініш тыңдалған. Оның ішінде 61-і оң шешілген. Қабылдаулардың 15-і облыстық партия филиалында, қалған 10-ы көшпелі форматта Қармақшы, Жалағаш аудандарында және Байқоңыр қаласында өткізілген.

– Жұмысымыз көп қырлы. Десек те комиссияның басым бағыттарының бірі – партияның сайлауалды бағдарламаларының уақытылы және сапалы орындалуын бақылау. Партиялық бақылау комиссиясы өзекті мәселелерге жедел ден қойып, шешім қабылдап отырады. Азаматтарды қабылдау, қоғамдық тыңдау барысында көтерілген проблемалар ескерусіз қалмайды, – дейді Нұркен Бақытбекұлы.

Айсәуле ҚАРАПАЕВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<