Білімге тың бетбұрыс

300

0

Мемлекет басшысы өткен сессияда атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталды. Қабылданған заңдар халықтың әл-ауқатының жақсаруына, түйткілді мәселелердің түйінін шешуге септігін тигізуде. Енді биылғы Жолдауда еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылды. Әсіресе, жұмысшы мамандықтарға ерекше назар аудару керектігін тапсырғаны ұнады. Осы арқылы сала мамандарының мәртебесін көтеріп, жастардың жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туады деп ойлаймын. Бұдан бөлек цифрландыру саясатын қарқынды дамыту тапсырылды. Соның ішінде жасанды интеллектіні барлық салада тиімді пайдалану қолға алынбақ. Бұл бағытта біздің оқу орнында алғашқы қадамдар басталып кетті. Былтыр Президенттің тікелей тапсырмасымен Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен бірлесіп «Жасанды интеллект және информатика» институты ашылды. Осы оқу жылына ҚР ҒЖБМ 100 грант бөлді. Енді осы бағытта жұмыстар әрі қарай жалғасын тауып, білікті кадр даярлауда еңбегіміз өз жемісін береді деп сенемін.

Жандос БАЗАРТАЙ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры,

іскерлік әкімшіліктендіру докторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<