Біз өзгеріс болғанын қалаймыз

665

0

Ел тарихындағы ерекше жаңалықтың бірі – референдум өткізу. Біз Жаңа Қазақстанмен бірге шаңырақ көтерген жас отбасымыз. Ел үшін елеулі оқиға кезінде үлкен өмірге қадам бастық. Бұны да жақсылықтың нышаны деп қабылдаймыз.

Бүгін, міне, өзіміз тіркеуде тұрған №101 мектеп-лицейде орналасқан №263 референдум учаскесінде дауыс беріп шықтық. Жас жұбайлар ретінде мұндай тарихи сәтте қалыс қалмау керектігін түсінеміз. Сондықтан да жас отбасы болып, ел тыныштығы, халқымыздың әл-ауқатының артуы, берекелі өмір сүруі жолында таңдау жасадық.

Алдағы Ата Заңымызда болатын оң өзгерістерге үлкен сенім бар. Өйткені, елеулі өзгерісті қалайтын, ел тағдырына алаңдайтын үлкен буынмен бірге жастар да бүгінгі шарада ерекше белсенділік танытуда. Олар да қалыс қалмай Жаңа Қазақстан құруда өз үлестерін қосады.

Біз бір мектепте, бір салада, яғни мұғалімдік қызметтеміз. Өзім 3 жылдан бері дене шынықтыру пәнінен, ал Әйгерім ағылшын тілінен сабақ береді. Ұстаздық жолда жүріп, ел болашағын өзгертуде өз таңдауымызды білдіру – азаматтық ұстаным деп есептейміз. Осындай саяси оқиғада ел болашағы үшін жасалып жатқан реформаға дауыс беру арқылы үлес қосқанымызға қуаныштымыз.

Сапар Әлібай,

Әйгерім ШАХМАРДАНОВА,

Қызылорда қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<