Институттың үлесі аз болмайды

178

0

Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіндегі  Жасанды интеллект институтының білім ордасының бір бөлігі ретінде Президент бастамаларына тікелей үлес қосуға мүмкіндігі бар.

Мәселен, институт мемлекеттік қызметтерге арналған GovTech жобаларын әзірлеуге қабілетті. Аймақтық медициналық ұйымдармен бірлесіп, ЖИ негізіндегі денсаулық сақтау пилоттарын іске қосып, киберқауіпсіздік, деректерді қорғау және ЖИ этикасы саласындағы ғылыми әлеуеті ұлттық деңгейде сұранысқа ие бола алады. Сондай-ақ SeoulTech-пен әріптестік біздің халықаралық зерттеулерімізді күшейтеді. Бірлескен зертханалар мен студент алмасу бағдарламалары ұлттық ЖИ стратегиясына сай келсе, LUPIC жобасы аясында алынған тәжірибе жаңа бағыттарды іске асыруға негіз болады. Қорқыт ата университетінің аймақтық рөлі, SeoulTech-тің технологиялық тәжірибесі және институттың кадрлық әлеуеті үйлесіп, ЖИ экожүйесіне нақты үлес қоспақ. Бұл бағыттағы белсенді жұмыс институттың беделін арттырады және Президент атап өткен ұлттық мақсаттарға сәйкес келеді. Сондықтан Мемлекет басшысының кеңесте айтылған әрбір тапсырмасын жүзеге асыруға дайынбыз. Сондай-ақ  ЖИ-ді барынша тиімді, жақсы жағынан пайдалана білуіміз қажет. Ол үшін білім мен ғылымды қатар игеріп, әрдайым технологияның алдында жүруге тиіспіз.

Нұрлан ҚҰЛМЫРЗАЕВ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті,

Жасанды интеллект институтының директоры