Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың еліміздің бас басылымына шыққан «Елін сүйген Елбасы» мақаласы тұшымды әрі жан-жақты деректермен кеңінен жазылыпты. Мақалада тәуелсіз елдің Тұңғыш Президентінің өлшеусіз еңбегі мен сарабдал саясаты баяндалады.
Атаулы мерекенің 10 жылдан бері ел арасында тойланып келе жатқанын, оның маңызын ашып көрсеткен. Мемлекеттік дамудың барлық саласын реформалауда Елбасы ұстанған саясаттың дұрыстығын айта отырып, жүзеге асырылған бастамалардың оң нәтиже бергеніне тоқталады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сыр елінде атқарылған жұмыстардың сәтті жүзеге асқанын баяндайды. Мақалада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы, Сыр сүлейі Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына арналған «Жырлансын, Тәуелсіздік жыр бұлағы» атты жыршы-жыраулар байқауы өткізілгені айтылған. «Биыл аймақта Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығы аталып өтіп, Жалаңтөс Баһадүрдің 445 жылдығына орай Қазалы ауданында ескерткіші орнатылады. Келер жылы Халық қаhарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай Қызылордада әсем ескерткіші бой көтермек. Сондай-ақ тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мақсатында ежелгі Бәбіш мола және ортағасырлық Жанкент, Сығанақ қалашықтарында қазба жұмыстары жалғасуда» делінген.
Аймақ басшысы тәуелсіздіктің 30 жылында Сыр елінің толымды табыстарына да тоқталып өткен. Тәуелсіз еліміздің жүріп өткен жолын кемеңгер Көшбасшының кемел істерімен байланыстырып, оны жас ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына мән берген.
Мұхтар Ниязов,
айтыскер ақын
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<