Президент Жолдауында елді үш жыл ішінде толық цифрлы мемлекетке айналдыру міндетінің қойылуы – Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі өзекті қадамдардың бірі. Жасанды интеллект саласына арнайы министрлік құру туралы бастама да ерекше назар аудартады. Бұл шешім елдің технологиялық тәуелсіздігін нығайтып, инновациялық дамуға серпін беретіні сөзсіз.
Сонымен қатар бұл әлеуметтік әділеттілік мәселесіне қатысты қоғамның тұрақтылығы мен дамуындағы басты фактор екенін көрсетеді. Халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, әділ еңбек жағдайын қамтамасыз ету, әсіресе, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялап, мамандардың мәртебесін арттыру бағытындағы шаралар оң бағаланып отыр. Кәсіподақтардың рөлі де ерекше. Олар еңбеккерлердің құқықтарын қорғауда белсенділік танытып, әлеуметтік кепілдіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Жолдау цифрлы трансформация мен әлеуметтік жаңғыруды үйлестіре отырып, Қазақстанның болашағын айқындайды. Мұндай өзгерістердің нәтижесі ел азаматтарының күнделікті өмірінде айқын сезілуі тиіс.
Мақсұт НӘЛІБАЕВ,
Қызылорда облыстық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы,
облыстық мәслихат депутаты






