«Қарызсыз қоғам» тиімділігін көрсетті

437

0

Жылдағы дәстүр бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауы экономикалық жаңғыруға бағытталды, алдағы орта мерзімдік жұмыстың бағдары айқындалды, нақты тапсырмалар беріліп, жаңа міндеттер жүктелді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру бойынша «Amanat» партиясының халықпен тығыз байланыста жұмыс істеп, бірқатар игі шараны жүзеге асырып келе жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» бағдарламаларының жүзеге асырылуына қомақты үлес қосуда. Сондай-ақ бүгінде партияның «Құқықтық көмек», «Қарызсыз қоғам» сынды жобаларының да көпшілікке көмегі тиіп келеді. Айта кету керек, HalykBank қолдауымен «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы ел Президентінің жоғары бағасына ие болды. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе.

Мемлекет басшысы қаржы жүйесіне төнетін сын-қатерлердің көбеюіне және азаматтардың шектен тыс қарызға батуына әкеп соқтыратын жағдайлардың алдын алып, халықтың қаржылық сауатын арттыру маңызды екенін айтты.  Жалпы «Amanat» партиясының басты мақсаты – қарызсыз қоғам құру. Сондай-ақ Қазақстандағы қаржылық сауаттылықты арттыру. 

Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықтың көкейінде жүрген біраз мәселеге жауап берді. Атап айтсақ, азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болады. Жол инфрақұрылымын салумен айналысатын Көлік министрлігі, су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесін қарайтын Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. 

Жолдаудың жаңа бағыттағы Қазақстанды құруда оң нәтиже береріне біз де сенеміз және жүзеге асыруға атсалысатын боламыз.

Талғат МАҚАШОВ,

қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық

фракциясының жетекшісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<