Кеше Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы Қызылордада өтетінін мәлімдеді.
«Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз.
Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр. Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын» деді Президент.
Мемлекет басшысының ұлт болашағын бағамдайтын кезекті маңызды шараның Сыр елінде өткізу туралы шешімін естігенде қатты қуандық, тіпті бойымызды мақтаныш сезімі кернеді. Мұндай айтулы шараны өткізуге бізде барлық мүмкіндік бар екені белгілі. Күн сайын көркейіп келетін қаламыз, жаңадан бой көтерген заманауи зәулім ғимараттар, тап-таза әрі жап-жарық көшелер, жалпы Сыр елінің дамуы көрген жанды қызықтыратыны сөзсіз. Президенттің бұл шешімі барша қызылордалықтар үшін зор мәртебе деп білемін!
Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,
облыстық ардагерлер
кеңесінің төрағасы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<