Саяси науқандағы сергектік

577

0

Жалпыхалықтық науқанда қызылордалықтардың белсенділігі жоғары екенін байқадым. Ертемен дауыс беру учаскесіне тұрғындар ағылып келіп жатты. Өйткені, халық осы референдумнан кейінгі Ата Заңымызда болатын өзгерістерден көп үміт күтеді.

Елдің жарқын болашағы үшін бұл күні әрбір адамның дауысы маңызды емес пе?! Мен бұл саяси шарада азаматтық құқығымды пайдаланып, өз дауысымды беру арқылы болашаққа сенімді қадам жасап, жақсылықты қолдауға келдім. Біздің әрқайсымыздың даусымыз шешуші рөл атқаратынын ұмытпауымыз керек. Сондықтан әр азаматтың референдумға қатысуы, өз таңдауын жасауы – дұрыс дүние.

Екінші айтар жайт, референдум барысында бақылаушылар да, комиссия мүшелері де өз жұмыстарын бар ынтасымен атқаруда. Тұрғындар да өз жауапкершілігімен әрі қуанышты күйде таңдауын білдіруде.

Мемлекет басшысының Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық бастамасына бей-жай қарамай қолдау көрсеткен жерлестерімді мақтан етемін. Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадамымыз құтты болғай.

Нұрлыбай ҰЛЫҚПАНҰЛЫ,

облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ардагерлер кеңесінің төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<