Сыр өңірі – еңбек пен бірліктің жарқын үлгісі

4

0

Фото: Ақорда

Тарихи тамыры тереңде жат­қан құрылтай дәстүрінің бү­гінгі жаң­ғыруы – ел бірлігінің, қоғамдық ке­лісім мен ортақ жа­уапкершіліктің айқын көрі­нісі. Сыр елінде өткен V Ұлт­тық құрылтайда Мемле­кет бас­шысы ел дамуының стра­те­­гия­лық ба­ғыттарына ке­ңі­нен тоқ­талып, саяси рефор­ма­лар, әділет­ті қоғам құру, эко­номиканы әртарап­тан­дыру, ұлттық құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесі, заң мен тәртіп үс­тем­дігі сынды аса маңызды мә­се­лелерге ерекше назар аударды.

Мемлекет басшысы өз сөзін­де «Сыр бойы – нағыз еңбек адам­дарының мекені. Кеңес заманында осы аймақтан 100-ге жуық Еңбек Ері шыққан. Әйгілі күрішші Ыбы­рай Жақаевты хал­­қымыз ерен ең­бектің симво­лына балайды» деп атап өтті.

Президент сөзінен Сыр жұрт­шылығының еңбекқор­лы­ғы мен аза­маттық жауапкер­шілігіне де­ген ерекше сенім аңғарылды. Бұл – жай ғана баға емес, ел да­муына адал қыз­мет етіп жүрген жандарға көр­сетілген зор құрмет.

Қызылорда облысының за­ман талабына сай қарқынды дамуына, аймағымыздағы авто­көлік жолы­ның сапасы, әуе жә­не теміржол жү­йелерінің жаң­ғыртылуы, Кі­ші Аралды қал­пына келтіру, «Көк­арал» бө­гетін биіктету шаралары, облыс орталығымен қатар, әр ауыл­дың көз тартатын тазалығы, облыс орталы­ғындағы жаңа та­рихи-өлкетану му­зейіне ерекше тоқталды.

Ауқымды инфра­құрылым­дық жоба «Батыс Еу­­ропа – Батыс  Қытай» автодәлізі мен «Бейнеу – Сек­сеуіл» жолының құрылы­сының басталатынын жеткізді. Бұл – өңір халқы үшін үлкен қуа­ныш.

Осындай тағылымды әрі та­­рихи басқосуда Қазақстан Рес­публи­ка­сының Президенті Қа­­сым-Жо­март Кемелұлы То­қаев­­тың қолы­нан «Па­расат» ор­­денін алу – мен үшін зор мәр­тебе әрі үлкен жауапкер­шілік.

Сыр жұртшылығының, ха­лық қалаулылырының аты­нан және өз атымнан Мем­ле­кет басшысы Қа­сым-Жомарт Ке­мел­ұлына шы­найы алғы­сымды білдіремін. Көр­­сетілген жоғары сенім мен құр­метті ақтау – мен үшін басты парыз.

Біздің басты міндетіміз – өңі­ріміздің дамуына нақты үлес қосу және Мемлекет бас­шы­сының бас­тамаларының та­бысты жү­зеге асуы­­на бірлесе атсалысу. Елі­міз­дің іргесі берік, бірлігі мығым болсын!

Құрылтайда қабылданған ше­­шімдер ел игілігіне қызмет етсін!

Мұрат ТЛЕУМБЕТОВ,

 Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы