Тәуелсіз мониторинг жүргіздік

468

0

Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауда «Партиялық емес байқау орталығының» 700-ден астам тәуелсіз байқаушысы жұмыс істеді. Олар 345 сайлау учаскесінде таңғы сағат 6-дан сайлау қорытындысы шыққанша екі ауысымда кезекпен бақылау жүргізді. Ал бұл дауыс беру тәртібінің әділ өтуіне  ықпал етті.

Өздеріңізге белгілі, сайлау учаскелері штаттық режимде ашылды. Заң бұзушылықтар туралы ақпарат түскен жоқ. Негізгі міндет – объективтілік пен бейтараптық. Сондықтан біз ешқандай саяси күштердің немесе кандидаттардың мүддесін білдірмей, тәуелсіз мониторинг жүргіздік. Байқаушылардың көпшілігі тәжірибесі бар, білікті жандар. Олар сағат сайын штабқа ақпараттар беріп отырды. Бұл да тұрғындарды сайлау учаскелеріндегі жағдай мен сайлаудың барысы туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жандос ТҰСМАҒАМБЕТОВ,

«Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда филиалының төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<