Татулық елшісі

663

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясына қатыстым. Өздеріңізге белгілі, жақында Қазақстан халқының бірлігі күні келе жатыр. Бұл – ырыс-ынтымақты, татулық пен келісімді дәріптейтін аса маңызды мереке. Небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар. Осы құндылықтарды бағалай білгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір сүруде. Әрбір азамат бірлікті нығайту үшін қызмет етуі керек. Өйткені бірлік болса ғана, тірлік болады.

Сессияда Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосқанын айтты. Ассамблея қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отыр. Онда еңбек етіп жүрген азаматтарды бірліктің елшісі деуге болады. Қазақстандағы барлық этнос өкілдері қазақтың болмысын бойына сіңіруде. Елімізде қазақтың салт-дәстүрін ұстанатын өзге ұлт өкілдері өте көп. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер.

Қазақстан – олар үшін туып-өскен, білім алған, отбасын құрған қастерлі мекені. Әр азаматтың Отанға деген сүйіспеншілік сезімінен туған елінің тағдырына бей-жай қарамайтыны белгілі. Еліміздегі үйлесімді этносаралық қатынастың сыры да осында деп білеміз. Қазақстанның басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы да бірлікке, татулыққа және өзара тілектестікке негізделуі керек.

ҚХА басты міндеттерінің бірі – халықты азаматтық бірегейлікті дамыту ісіне жұмылдыру. Сонымен қатар волонтерлік және қайырымдылық шараларға ұйытқы болу. Ассамблея мүшелері еліміздің болашағы жарқын болуы үшін еңбек ете береді деп санаймын.

Айтжан ОРАЗБАҚОВ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығының меңгерушісі, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<