Утилизацияға қатысты үміт қайта жанды

426

0

«Адам мен техника бәсекеге түскен заманда, көлік басты қажеттілікке айналып отырғаны жасырын емес. Бір сөзбен айтқанда «көліксіз күн жоқ» немесе утилизацияға мін көп деуге болады.

Бұған дейін де утилизация алымын қайта қарауды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында тапсырған болатын.

Осы мәселе бүгінгі Жолдауда тағы да нақтыланып, Тоқаев көлік утилизациясына байланысты маңызды тапсырмалар берді. Президент Жолдауда заңсыз жеткізілген көлік мәселесін қозғап, оны заңдастыру бойынша біржолғы алым алуды ұсынды.

«Болашақта автокөліктерді әкелудің барлық заңсыз жолдарын тоқтату мақсатында шешуші шаралар қабылдау қажет. Ең алдымен осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет. Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын. Бұл негізі іздеуде жоқ және кедендік «рәсімнен» өткен автокөліктерге қатысты болуы тиіс, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Түйіндей айтқанда, Мемлекет басшысы көтерген утилизация мәселесін шешу шараларына жұртшылық дән риза. Осылай халықтың игілігі үшін жасалатын оң істердің алдағы уақытта да қатары көбейе беретініне сенім мол.

Ерболат МҰҚАШ,

Қазалы аудандық мәслихаттағы

«AMANAT» партиясы депутаттық

фракциясының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<