Жаңғыру жолындағы маңызды кезең

5

0

Бүгін 20 қаңтарда Сыр елінде Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтеді. Ұлттық құрылтай қазіргі кезеңде қоғамдық пікірді жинақтайтын ғана алаң емес, мемлекеттік шешімдер қабылдауға ықпал ететін институционалдық тетік ретінде орнықты. Яғни, құрылым ел дамуының басым бағыттарын айқындауда маңызды рөл атқарып отыр.

Ұлттық құрылтайдың Қы­зылорда қа­ла­сында өткізілуі де тарихи әрі саяси мағынасы терең ше­шім. Бір ғасыр бұрын қазақ елінің астанасы болған бұл қала мем­лекеттілік қалыптасуының жауапты ке­зеңдерімен тығыз байланысты. Осы та­рихи са­­бақтастықты ескере отырып, ел тағ­дырына қа­тысты мәсе­ле­лердің дәл осы өңір­де тал­қы­ла­нуы мемлекеттік саясаттың сим­­волдық мәнін арт­тырады.

Ұлттық құрылтайда көте­рілген мәсе­лелер Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Ке­мел­ұлы Тоқаев жүзеге асырып отыр­ған реформалармен тіке­лей сабақтас. Пре­зи­дент баста­машы болған саяси және әлеу­­мет­тік өзгерістер әділетті мем­­­ле­кет қалып­тас­тыруға, бас­қа­ру жүйесін жаңғыр­туға жә­не қо­ғаммен ашық диалог орнатуға ба­ғытталған. Құрылтай осы ре­формалардың қоғамдық қол­дауын қамтамасыз ететін ма­ңыз­ды алаң қызметін атқарып келеді.

Аталған бағыт қазақ хал­қы­ның тарихи басқару тәжіри­бе­­­сімен үндес. Құрылтай дәс­­­тү­­рі ел бірлігі мен жауап­кер­ші­лі­гін қам­тамасыз еткен бас­қару институты ретін­де ға­сыр­лар бойы қалыптасты. Қа­­зіргі Ұлттық құрылтай сол та­рихи негізге сү­йене отырып, заманауи мемлекеттік басқару та­лаптарына бейімделген жү­йелі құрылымға ай­налды.

Қызылорда өңірі ел тари­хында страте­гиялық маңызға ие аймақ саналады. Сыр бо­йын­дағы көне қалалар, Қорқыт ата мұ­расы, «Байқоңыр» ғарыш кешені өңірдің рухани және геосаяси әлеуетін айқындайды. Осындай тарихи кеңістікте Ұлт­тық құрыл­тайдың өтуі елдік мәселелерге деген жауап­кер­ші­лікті күшейтеді.

Қазіргі кезеңде Қызылорда облысында әлеу­меттік-эконо­ми­калық даму бағытында ау­қымды жұмыстар жүргізілуде. Өңір­де жа­ңа әлеуметтік, мәдени және инфрақұ­ры­лымдық ны­сандар пайдалануға беріліп, құ­рылыс қарқыны тұрақты си­пат алды. Бар­лық атқарылып жат­қан жұмыстар облыс әкі­мі Нұрлыбек Машбекұлы Нә­лі­баевтың басшылығымен Мем­лекет басшысы ай­қын­даған да­му басымдықтарына сәйкес жү­зеге асырылуда. Өңірдің жаң­ғыруы мемлекеттік саясаттың өңірлік деңгейде жүйелі іске асқанын көрсетеді.

Экономикалық даму әлеу­меттік және ру­хани салалармен қатар жүргізі­луде. Об­лыста бі­лім беру, мәдениет және спорт ин­фрақұрылымы жа­ңар­тылып, халыққа қол­жетімді орта қа­лыптас­тырылуда.

Мемлекеттік дамудың ма­ңызды бағы­ты ре­тінде цифрлық трансформация айқын­далды. Пре­зиденттің бастамасымен жү­зе­ге асырылып жатқан цифр­ландыру және жа­санды ин­тел­лект саласындағы рефор­ма­лар басқару тиімділігін арттыруға және мемлекеттік қызметтердің са­пасын жақсар­туға бағыт­тал­ған.

Цифрлық шешімдерді ен­гі­зу экономи­калық өсімді же­дел­детіп, қоғам мен би­лік ара­сындағы ашықтықты күшейтеді. Соны­мен қатар білім, мә­дениет және тарихи мұ­раны сақтау салаларында жаңа мүмкін­діктер қалыптастырады. Аталған өзге­рістер елдің ұзақ мерзімді стра­тегиялық дамуына қызмет етеді деп сенемін.

Ұлттық құрылтайда көтеріл­ген бастама­лар­дың жүзеге асуы мемлекет пен қоғамның өза­ра жауапкершілігіне негізделеді. Мем­лекет бас­шысының ре­фор­маларын қолдау – елдің тұ­рақты дамуын қамтамасыз ете­тін негізгі шарттардың бірі. Қоғамдық келісім мен инс­ти­туционалдық тұрақтылық осы бағытта шешуші мәнге ие.

Осылайша Ұлттық құрылтай Қазақ­станның жаңғыру жо­лын­дағы маңызды кезеңді ай­қын­дайтын мемлекеттік алаң ретінде өз рө­лін нығайтып ке­леді. Оның Сыр елінде өтуі – ел тарихы мен бүгінгі саяси ба­ғыт­тың өзара сабақтастығын көр­се­тетін, болашаққа бағыт­талған салмақты шешім.

Мархабат ЖАЙЫМБЕТОВ,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты