Жарқын келешекке сенемін

479

0

Мен қаладағы № 263 сайлау учаскесіне қараймын. Өзім бала күтіміне байланысты үйде отырған анамын.

Кішкентайларымды әжесіне қалдырып, жолдасым екеуміз бірге барып дауыс бердік.

Таңмен таласып келіп жатқандар көп болды. Бұл кезекті науқан Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өткендіктен жақсы көңіл-күймен бардық. Қала ішінде автобустар да тоқтаусыз жүріп жатыр екен. Таңертең ерте барып, өз таңдауымызды жасадық. 

Келушілерге ыстық бауырсақ, наурызкөжеден дәм ауыз тигізді. Тұрғындар бір-бірін берекелі әз Наурызбен құттықтап, ақ тілектерін білдіріп жатты. Әсем ән шырқалып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Еліміздің болашағын ойлаған әрбір адам сайлауға барды деп ойлаймын. Бұрынғыдай емес, халықтың белсенділігі жоғары болған секілді. Әсіресе, біздің облыс өзге өңірлердің алдына шықты. Бұл саяси науқанға бей-жай қарамайтынымызды білдіреді. Мен балаларымның келешегі жарқын болатынына сенемін.

Ақтоты Тынымбаева,

қала тұрғыны

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<