Жолдау жаңашылдыққа бастайды

601

0

Жолдауда айтылған әрбір тапсырманың жүгі жеңіл емес. Мемлекеттің дамуы мен жаңашылдықтың жаңа қадамдары туралы айтылып, маңызды мәселелерге мән берілді. Заң саласы тұрғысында судьялардың мәртебесін арттыру, олардың функционалдық мүмкіндігін нығайтып, азаматтардың сот жүйесіне сенімділігін орнату мақсатында шешімдер қабылдауды тапсырды.

Халыққа арналған Жолдаудың бесінші бағдары «Заң және тәртіп» деп аталады. Онда Президент: «Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осыған орай қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек. Қазылар жоғары білікті, адал, сондай-ақ, жемқорлықтан таза болуы қажет. Ең алдымен, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн. Олар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек» деген тұжырым жасады.

Бүгінде елімізде әр сала бойынша бірқатар заңнамалар бар. Соның ішінде құқық қорғау саласында реформа жүргізу – халықтың көкейінде жүрген мәселе. Президент айтқандай, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану қоғам үшін аса маңызды. Сондай-ақ, Жолдауда айтылған экономика, білім, денсаулық, құқық және өзге де саладағы реформалардың барлығы халыққа қолжетімділік, ашықтық форматын ұсынуы жаңашылдыққа бастайды. «Жаңа Қазақстан» идеясының түпкі мәні – осы.

Ләззат Бақтыбаева,

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің

Қызылорда облысы бойынша филиал директоры,

облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<