Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасы тәуелсіз сот, қуатты құқық қорғау органдарын құруды демократиялық, құқықтық мемлекетті нығайтудың басым бағыттарының бірі ретінде белгіледі.
2000 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының соттары мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заң сот жүйесін қалыптастыру мен жетілдірудің маңызды қадамы болды. Судьялардың әлеуметтік жағдайы қажетті деңгейде қамсыздандырылып, қызметі материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілді. Бұл заң тәуелсіз сот жүйесін жетілдіруге өз үлесін қосты. Қысқа уақыт аралығында мамандандырылған соттар құрылып, алқабилер институты енгізілді.
Сот жүйесін реформалау аясындағы оң өзгерістер облыстық соттада көрініс тапты. Тәуелсіз сот жүйесін құру бағытындағы бастама айтулы жаңалықтар мен серпілістер әкелді.
Еліміздің сот жүйесінде осы саланың беделін арттырып, қарапайым халықтың үдесінен шығу мақсатында қыруар жұмыс атқарылғанына барлығымыз куәміз. Біздің ең басты мақсатымыз – халықтың сотқа деген сенімін арттырып, тек заң шеңберінде әділ сот төрелігін жүзеге асыру. жаңа өзгерістер осы мақсат үдесінен шығады деп нық сеніммен айтуға болады.
Камшат САДУАҚАСОВА,
Арал аудандық сотының төрағасы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<