Аңшы дүкенін тонаған

779

0

6 қаңтар күні таңғы сағат 05:00 шамасында белгісіз азаматтар Қызылордадағы аңшы дүкенінің терезесін сындырып кіріп, ішінен киімдер, дүрбілер және пышақ ұрлап кеткен.

Жедел шаралар нәтижесінде қалалық полиция басқармасының қызметкерлері дүкенге ұрлыққа түсті деген күдікпен екі тұрғынды ұстады. Олар уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы (ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кіріп жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Басқа да адамдардың қатыстылығы тексеріліп, тергеу жалғасуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<