Бір апта ішінде ел аумағында 2 877 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Ресми өкілдің дерегінше, өткен апта ішінде республика аумағында 2 877 қылмыс жасалған.
Оның 1847-сін құқық қорғау органдарының қызметкері бір тәуліктің ішінде әшкерелеген.
«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 35 тонау және 412 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», – деді Нұрділдә Ораз министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<