Кәсіпкерлік: Құқық пен мүдде қорғалады

420

0

Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін ашық есік күні өтті. Шараға мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, «Kazakh invest» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның өңірлік басшылығы және бизнес өкілдері қатысты.

Кездесу барысында өңірдегі кәсіпкерлердің, атап айтқанда «Orda Glass Ltd», «Марал-Нұр», «ЭкоТехСервис», «ЕСС», «Арал тұзы» серіктестіктерінің, жеке кәсіпкер «Жеңісбек» және «Ақтөре» сауда базарының, тағы да басқа кәсіпкерлердің өзекті мәселелері ортаға салынды.

Кәсіпкерлік объектілерін салу мақсатында жер алу, салық төлеу, жобаға инвестор тарту және т.б. талқыланды. Осы ретте кәсіпкерлер көтерген мәселелерді шешу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті органдарға хаттамалық тапсырмалар берілді.

Жиын қорытындысымен прокуратура органы, облыс әкімдігі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Kazakh invest» Ұлттық компаниясы» АҚ тарапынан іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар аясында туындаған проблемаларды бірлесіп шешуге жұмыс жүргізілетіні айтылды. осы іс-шараны тоқсан сайын өткізу туралы бастама көтерілді.

−   Биыл облыстық прокуратура органы қабылдаған шаралардың нәтижесінде кәсіпкерлер құқығы қорғалды, 22 тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 11 кәсіпкерге тиесілі 25 млн теңге өтелді. Сондай-ақ прокуратурада кәсіпкерлерді дереу қолдауды іске асыру үшін тәулік бойы мобильді топ жұмыс жасайды. Мобильді топ заң талаптарын түсіндіреді,  шағымдарды қарайды. Оған қоса прокуратура органдарының сүйемелдеуімен 725 млрд теңгенің 10 инвестициялық жобасы бойынша кедергілер мен заңсыздықтар жойылды, − деді облыс прокуроры Ризабек Ожаров.

Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттердің бірі – отандық және шетелдік инвестиция тарту, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу.

кейінгі бірнеше жыл ішінде кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау білдіру, отандық бизнеске қолайлы жағдай туғызу мақсатында көптеген ауқымды іс-шаралар атқарылды. Нәтижесінде, 2,5 жыл ішінде өңірге тартылған инвестиция көлемі 1,1 трлн теңгені құрады. Биыл өңірге 517,5 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Сонымен қатар құны 32,4 млрд теңге (471 жұмыс орны) болатын 15 инвестициялық жоба іске қосылмақ.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<