Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру және алдын алу, болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мүлдем төзбеушілік қағидатын орнату мақсатында құқықтық оқулар ұйымдастырып келеді.
Басшылық тарапынан инспекторларға рейдтік іссапарға және тексеруге шығар алдында, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның қоғамдағы, кез келген ортадағы өзін-өзі ұстауы мінсіз болуы жөнінде, әрдайым ескертіліп отырады.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін инспекцияның құзыреттілігі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғалармен тікелей қарым-қатынассыз, яғни «Е-лицензиялау» электронды Үкімет порталы арқылы электронды түрде көрсетіледі. Олар – жануарларды интродукциялау, реинтродукциялауды және будандастыру жүргізуге рұқсат беру, саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру, құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын ел аумағына импорттауға, экспорттауға және кері экспорттауға арналған рұқсаттар беруге қатысты 3 түрлі мемлекеттік қызмет.
Инспекция қызметкерлері еліміздің сыбайлас жемқорлықпен күресу бағытындағы саясатын толық қолдап, өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін кіршіксіз атқаруда.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<