Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде қолды болған әскери қызметшілерге тиесілі қарулар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні болған. Әскери қызметшілерге тиесілі 1 АК-74 маркалы – 1 және ГП-25 маркалы 1 қару жергілікті тұрғынның үйінен табылды.
«Аталған қарулар қылмыстық іске заттай дәлелдеме ретінде тіркелді. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде ломбардқа ұрлыққа түскендер ұсталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<