Қызылордалық жігіт әлеуметтік желіде танысқан қызды тонап кетті

1160

0

Қызылордалық жігіт әлеуметтік желіде танысқан қызды достарымен келіп тонап кетті, – деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

20 қараша күні сағат 06:27 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының “102” арнасына Шымкент қаласының тұрғыны хабарласып, Қызылорда қаласының тұрғыны оның үйіне келіп, оны қорқытып, ұялы телефонын және ақшасын тартып алып кеткенін айтқан.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған тонау) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеп-тексеру барысында анықталғандай, 20 қарашада сағат 04:00 шамасында арызданған азаматша әлеуметтік желіде бір азаматпен танысып, оны үйіне шақырған. Сөйтіп, арада шамамен 30 минуттан кейін үйіне екі азамат келген – танысқан жігіті мен оның досы. Кейін артынан тағы екі азамат кіріп, төртеуі қосылып, қызды қорқытып, телефоны мен ақшасын тартып алып кеткен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<