Адам құқын қорғау- адвокаттың басты мақсаты. Сол себепті заң үстемдік құратын елдерде бұл мамандық иелеріне деген сұраныс та, құрмет те жоғары.
«Адам құқығын қорғауда адвокаттар көбіне жалғыз қалып қояды». Адвокат – сот ісінде жалғыз қорғаушы тұлға екенін ескерсек, бұл сөздің жаны бар. «Әрине, сотта заң талаптары толықтай орындалса, адвокат келтірген дәлелдемелер ескеріліп, Конституцияда көрсетілген құқықтар мен міндеттер дұрыс қолданылса, судьяның әділ шешім шығаруына адвокаттың ықпалы зор.
«Жалпы елімізде кімдер адвокат бола алады?» Құқық қорғау органдарында кем дегенде бір жыл еңбек өтілі бар, адвокаттар алқасында тәжірибе мен сынақтан сүрінбей өткен, арнайы лицензия алып, аймақтық адвокаттар алқасына мүшелікке қабылданған заңгерлер ғана Қазақстанда адвокат ретінде қызметін жүргізе алады. Адвокат – қиындығы көп мамандық. Заңды бес саусағыңдай білу бұл жерде аздық етеді. Мықты логика, темірдей мықты төзім мен ыждағаттылық. Бұл – «мықты маман» болудың басты өлшем шарттары. «Тегін көмекті шын мұқтаж жандарға көрсету керек». Бұл – адвокаттың басты принципі. «Адамдықтан аттамай ісін адал атқарып жүрген адвокаттар елімізде аз емес.
Алайда, өкінішке қарай, құқық қорғау органдары жіберген қателіктерге көз жұма қарап, соларға «адвокат» болып отыратын соттар да бар. Мұндай келеңсіздіктер көбінесе қылмыстық істерде жиі кездеседі».
Адвокаттың беделі біліктілігінде алайда олардың еңбегі төмен бағаланып жүргені анық. «Қарапайым халық «мықты адвокаттың» көрсеткішін қабылданған шешім не үкімнің нәтижесімен өлшейді. Яғни адвокаттың сотта жеңіп шыққан ісі неғұрлым көп болса, оның беделі соғұрлым жоғары тұрады. Бұл дұрыс та шығар. Бірақ мықтылардың барлық істерде жеңіске жете бермейтінін естен шығармаған жөн. Сот үкіміне көңілі толмаған клиенттердің көбі «адвокатқа берген ақшам зая кетті, бекерге кеткен қаржы болды» деп санайды. Осының өзі қоғамның адвокаттардың еңбегін бағалауға әлі дайын емес екенін аңғартады».
«Адвокатураға әдетте сот, прокуратура, тергеу секілді заң саласында тәжірибе жинақтаған, біліктілігі жоғары мамандар келеді. Тәжірибесі мол, еңбек өтілі көп болса, ол маманға сұраныс та жоғары. Ал сұранысқа ие маманның сәйкесінше еңбекақысы да жоғары болады. Адвокаттың еңбегі – инемен құдық қазғандай. Тергеу, прокуратура, сот жіберген қателікті тауып, әділдікті сан жамау жаладан, заңсыздықтан аршып алу үшін терең білім мен ыждағаттылық керек», егер сот заңсыз шешім шығарса, оған адвокат кінәлі емес екенін де тәптіштеп түсіндіріп берді. «Себебі сот пен тергеудің, прокуратура мен өзге де мемлекеттік органның қателігіне адвокат жауап бермейді».
«Кей адамдар тегін көмектескеніңді бағаламайды. Білімсіз біреу шығар деп, көп ақша сұрайтындарға өздері жүгіреді. Дүкенде қымбат зат көрсек, сапалы деп ойлаймыз ғой. Ал арзан болса, сапасына күдікпен қараймыз. Адвокат таңдауда да кейбір адамдардың психологиясы осындай» болады.
«Адвокаттың абыройын түсіретін не?» «Құрғақ уәде мен бос сөз кез келген адвокаттың беделіне нұқсан келтіреді». «Істі толық зерттемей жатып, алдыңа келген адамның бәріне оңды-солды уәде беруге болмайды. Себебі сен істің кімнің пайдасына шешілетінін білмейсің. Керісінше, кей істің салдары туралы клиентке алдын ала ескерту қажет. Адвокаттық қызметте түрлі жағдайлар болады. Біреудің жеке өміріндегі құпиясы мен сырын білуге тура келетін сәттер де кездеседі. Өзгенің құпиясына беріктік те – біліктіліктің кепілі».
Адвокат жұмысын бағалау өте қиын, құқық қорғаушыны таңдауға өте мұқият болуды ескертеміз. «Таңдау кезінде ең бірінші адвокаттың тәжірибесі бірінші орынға шығуы керек».
«Әр адвокат қызметін өзінше бағалайды, –– бірақ бізге санға емес, сапаға жұмыс істеу қажет. «Шындап келгенде, судьяның әділ шешім шығаруына ықпал ететін адам – адвокат. Қорғалушысына құқықтық көмек көрсете жүріп, ол сотта қалтарыста қалып қойған, алайда өте маңызды жайттарды айшықтап береді. Судьяға назардан тыс қалған айғақтарды, заң нормалары мен іскерліктің әдет-ғұрпын «жіліктеп» дайындап беретін де сол. Рас, адвокаттың жұмысын нақты бағалау мүмкін емес. Алайда тәжірибелі маманның бағасын арттырып, беделін айқындайтын бір ғана өлшемшарт бар, ол – оның беделі», деген адвокат үнемі кәсіби біліктілікті жетілдіріп, заң көмегін көрсетуде қажетті ақпараттардан хабардар болып отырудың маңыздылығына да тоқталды. «Қызметтегі қиындықтың бір ұшы заңдардың жиі өзгеретіндігімен байланысты. Сол себепті заңдарға енгізілген өзгертулер мен түзетулер, күшіне енген жаңа норма, ереже жөнінде қашанда хабардар болып отыру қажет».
Ақша, абырой, атақ, адамгершілік пен әділдік тартысқа түскен тұста кәсіби келбетті сақтап, адамдықтан ажырамау, түптеп келгенде – үлкен жауапкершілік.
Л.Жәмиева,
Қызылорда облысы Әділет
Департаментінің құқықтық түсіндіру
және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің
бас маманы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<