Қоғамда заң мен тәртіп – адамдар арасындағы қатынасты реттейтін басты қағидаттардың бірі. Сондай-ақ, кез келген мемлекеттің іргетасын құрайтын ұғым. Бұл екі ұғым ұштасқан кезде елде тұрақтылық, әділеттік, экономикалық дамудың қалыптасары сөзсіз.
Бүгінде заңның сақталуы, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру еліміздің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Осы ретте облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде бірқатар жұмыстарды атқаруда. Мәселен, былтыр 45 іс анықталып, оның 38 өндіріспен аяқталған, 22іс сотқа жолданды. Мемлекетке 1,1 млрд теңге көлемінде залал келтіріліп, оның 75 пайызы (862 млн тенге) өнідірілген. Сонымен қатар департаменттің ұйымдастыруымен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында, облыстағы ауыз су мәселесі қаралып, нәтижесінде, департамент ұсынысымен осы салада кәсіп субъектісі болып тіркелмеген 207 тұлға салық органдарына кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесін асыру бойынша 32 дерек анықталып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Көлеңкелі» экономика салдары мемлекеттің экономикасына үлкен қауіп төндіріп отыр. Бұл бағыттағы заңсыздықтың кең тараған түрі – мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы. Өңірде мұнайдың заңсыз айналымына қатысты қылмыстық құқықбұзушылықтар тоқтамай тұр. Мысал келтірер болсақ, «Ришат и К» ЖШС компаниясы тарапынан мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактісі анықталды.
Аталған мекемемен 2019-2023 жылдар аралығында сатып алу мен өткізудің заңдылығын растайтын құжаттарсыз 334 тоннадан астам дизельдік отынды 26 мемлекеттік мекемеге және 3 заңды тұлғаға 262 млн теңгеден астам қаржыға сатқаны белгілі болып, ҚР ҚК 197-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша СДТБ тіркелді.
Қылмыстық іс аясында жүргізген қатарлас қаржылық тергеу барысында заңдастыру фактісі анықталды, ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБ тіркелді. Қылмыстық іс сотқа жолданылып, сот шешімімен кәсіпорын директоры шартты түрде 6 жылға сотталды.
Сонымен қатар, «Қазгермұнай» ЖШС-на сатып алу қызметіне тексеру жүргізіліп, нәтижесінде электр сорғыларды сатып алу кезінде баға келісімі деректері анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылы 1 млрд теңгеге квазимемлекеттік мекеменің қаржыландыруы қысқартылды.
Бүгінде департамент жұмыс бағытын жазалаудан превенцияға қайта бағдарлап отыр. Бұл ретте департамент «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінің бойындағы Сырдария өзенінің түбін тазарту» жобасының тиімсіз екенін анықтады.
– Аталған дерек бойынша жобаны іске асыру тоқтатылып 5,9 млрд теңге бюджеттің қаражаты үнемделді. Бұған дейін де 2023 жылы департаменттің бастамасымен Қызылорда қаласында осыған ұқсас жобаны тоқтатып, соның негізінде бюджеттің 3,7 млрд теңгесім үнемделген болатын.
Бұдан бөлек, аймақта гидротехникалық құралдар жөндеу барысында 41,6 млн теңге сомасына жымқыру фактілері анықталды. Тіркелген қылмыстық іс бойынша шығын толық өтелуіне байланысты, ақталмайтын негізінде қылмыстық қудағалау тоқтатылды.
Облыс аумағында іске асырылып жатқан ірі жобалардың бірі –«Қызылорда – Ұлытау» автожолын қайта жаңарту болып табылады. Жоба құны 72 млрдтеңгені құрайды. Бұл жоба бойынша да талдау жүргізіліп, нәтижесінде қаражаттың мақсатсыз пайдалану тәуекелдері аныықталды. Алдағы уақытта басқа да объектілер бойынша талдау жүргізілетін болады, – дейді облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Аслан Кеңесұлы.
Қоғамның алаңдаушылығын туғызған мәселенің бірі – қаржы пирамидасы мен интернет алаяқтықтың қарқын алуы. Елімізде түрлі форматтағы алаяқтық жобалар көбейіп барады. Бүгінде олар жұмысын әртараптандырып үлгерген. Бұл бағытта да департамент ауқымды жұмыстар атқаруда. Мәселен, екі жылдың көлемінде департамент өндірісінде 7 қылмыстық іс болып, 3-і сотқа жолданып үкімі шықты. Алдын алу шараларын жүргізу нәтижесінде өткен жылы 412 заңсыз сілтемелер (50 крипто, 150 заңсыз ойын, 212 пирамида) бұғатталған. Сондай-ақ, 5 мыңға жуық жазылушысы бар қаржы пирамидасының белгілері бар 6 аккаунт, 595 мың жазылушысы бар, заңсыз ойын бизнесінің белгілері бар 2 аккаунт жабылды. Ал жыл басынан бері 1149 сайт анықталып, оның 1040-ы бұғатталды.
Жалпы экономикалық тергеп-тексеру департаменті экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру аясында жүйелі жұмыс жасауда.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,
«Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<