Ажары айшықты Ақмешіт

221

0

«Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, кіндік қаным тамған қасиетті мекен туралы жақсы сөз жүректі жылытады.

Қызылорда  – шежіре тұнған, халықтың асыл мұралары сақталған алтын көмбелі мекен, қазақ театрының алғашқы қазығы қағылған жер. Киелі сахнасынан мәдениет майталмандары мен өнер тарландары түледі. Биыл ашылған «Өнер орталығы» шаһар шырайын кіргізіп тұр. Еліміздің рухани қазынасын толтыруға, мәдениеті мен өнерін асқақтатуға үлес қосуда.

Жылдан-жылға қанатын кеңге жайып келетін қаланың жаңа келбетін көргенде кеудемізді мақтаныш  кернеді. Халқымыздың айнымас бірлігінің, тату тірлігінің арқасында Сырдың бас шаһары жаңарып, жасарып, бүгінгі заманға сай дамуда. Сәні мен салтанаты келіскен еңсесі биік тұрғын үйлер көбейген. Туған жеріме барған сайын  тарихи-өлкетану музейі мен мәдениет нысандарына бас сұқпай қайтпаймын. Тарихи, көрікті орындарын тамашалап, рухани демаламыз.

«Алаштың Ақмешіті» атанып, қазақ елінің алғашқы астанасы болған Қызылорда қаласының төл мерекесімен баршаңызды құттықтаймын! Туған өлкеміз өсіп, гүлдене берсін!

Гүлнар МАХАНБЕТЖАНОВА,

Мәдениет саласының үздігі,  Қазақстан Суретшілер

одағының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<