Өркениет көшіндегі өскен өңірім

313

0

Өскен өңірімнің өнері мен мәдениетіндегі тың серпілістерге қатты қуанамын. Мәселен, қаланың бас шаһарына кіреберістен келбеті келіскен көркем ғимарат – «Өнер орталығының» бой көтеруі, облыстық филармония жанынан симфониялық оркестрдің ашылуы, барлық ауданда «Руханият орталықтарының» салынуы, «Анаға тағзым» орталығының ел игілігіне берілуі – ерекше жаңалық. Былтыр Астана төрінде, биыл Алатау бөктерінде Сыр өңірінің мәдениет пен өнер күндері жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Өзім қызмет ететін «Қазақконцерт» ұйымы гастрольдік сапармен Қызылорда облысына жиі ат басын тіреуді дәстүрге айналдырған. Осындай іссапарларда әріптестерімнің алдында еңсемді көтеріп, қонақтарға жаңарған, жаңғырған қаламды мақтанышпен көрсету қандай керемет?!

Ұлттың өнерін ұлықтаған Қорқыттың ұлы даласы!

Мәрмәрдай мәдениетін мәуелеткен Қызылорда – ән-күй қаласы.

Тұлғалары тұғырлы, тарлан тарихы ғұмырлы Алаштың ару Анасы.

Уақытқа еріп жаңғыра білген,

Шабытпен шөлін қандыра білген бұл Сырдың әрбір баласы. 

Жыраулар дүлдүл аламанындай,

Сырлы үнінен самал арылмай,

Жаңарды бүгін ең көнем,

Өскен өңірім – өркениет көші,

Төл өнердің де төрдегі төсі,

Құшағыңды аш, мен келем!

Ержан АЛДАНАЗАРОВ,

Роза Бағланова атындағы

«Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының қызметкері.

Астана қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<