Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Сыр бойы» газеті ақын-жазушылардың, белгілі тұлғалардың хәкімге арнаулары мен лебіздерін жариялап келеді. Бүгін жыр алыбы – Жамбылдың «Абайдың суретіне» атты өлеңін ұсынбақпыз.
Мынау тұрған Абайдың суреті ме? –
Өлең-сөздің ұқсаған құдіретіне,
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Қарсы келер Абайдың кім бетіне!
Ақын атын таратқан әрбір тұсқа,
Соңғыларға қалдырған үлгі-нұсқа,
Арғын, Найман сөзіне таңырқаған
Қандай арман бар дейсің бұл туыста!
Терең ойдың түрінде теңізі бар,
Тесіле көп қарасаң көңіл ұғар.
Сол тереңге сүйсініп жан үңілмей,
Есіл сабаз ызамен өткен шығар!..
Жамбыл
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<