Айтыс айдынында жас талант

2413

0

Облыста алғаш рет ұйымдастырылған «Сыр дарыны-2021» байқауында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Бексұлтан Орынбасаров жеңімпаз атанды.  Қазіргі таңда талантты жас «Орындаушылық өнер» мамандығында білім алуда.

-Мен «Айтыс» аталымы бойынша «Сыр дарыны» иегері атандым. Байқау 4 бағыт, 2 кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде аудандардан өнерпаздар іріктелініп алынып, облыстық іріктеуге жолдама алды. Облыстық іріктеуден өткен жеңімпаздарға «Сыр дарыны» атағы берілді. «Сыр дарыны»  байқауы келешекте дәстүрлі әрі ауқымды түрде ұйымдастырылады деп күтілуде. Себебі елдің мәдениеті, руханияты осы шығармашыл, өнерпаз жастардың қолында,-деді Бексұлтан Орынбасаров.

Аталмыш шара шығармашыл жастар арасында алғаш рет өтті. Шараны облыстық ішкі саясат басқармасы,  «Жастар ресурстық орталығы» және «Ақ сөйле!» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Сондай-ақ, байқау жазба ақындық өнер, айтыс, дәстүрлі ән және жыр-терме бағыттарын қамтыды.

Аламан бәйгеде оза шауып, суырыпсалмалығымен дараланған Бексұлтан жыр дода да көрермен көзайымына айналып, өз өнерін паш етті. Байқау барысында от ауызды, орақ тілді, айтыстың ақтаңгерлері жас өнерпаздарға өз тәжірибелерімен бөлісті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<