Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ақын, журналист Рысты Бекбергенованы қабылдады.
Өнегелі өмірінің отыз жылдан көбін мерзімді басылымда, оның ішінде облыстық «Сыр бойы» («Ленин жолы») газетінде өткерген ол – бүгінде 90 жаста.
Кездесуде қала әкімі өзінің қолдауымен жарыққа шыққан ақынның «Өлеңім – менің тұңғышым» атты кітабын табыстады. Кітапқа ақынның таңдамалы туындылары топтастырылған.
– Таңдамалы шығармалар енген еңбекті кітапханаларға қойып, оқырманның танысуына мүмкіндік жасаймыз, – деді Н.Нәлібаев.
Бұған дейін ақынның «Тұңғыш кітап», «Ана жүрегі», «Жырға сапар», «Өмірдің ақ пен қарасы» кітаптары жарыққа шыққан.
Р.Бекбергенова шығармашылығына қолдау көрсеткені үшін шаһар басшысына алғыс білдірді.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<