Ақынның алақаны тиген асыл бұйымдар

860

0

Биыл дүниеге келгеніне 175 жыл толып отырған қазақ халқының ұлы ақыны, ғұлама ойшыл, ағартушы, аудармашы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын терең тануға әлемдік деңгейде көңіл бөлініп отыр. Осы орайда ұлы ақынның туған топырағы – Семей өңіріндегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-өлкетану және әдеби- мемориалдық қорық-музейінің көшпелі көрмесі жыл басында Сыр елінде болған еді. Тарихы ерек, танымы бөлек рухани дүниелерді көзбен көріп, ұлылықтың ұшқынын көңілмен түйсінуге асықтық. «Абай дана, Абай дара қазақта» тақырыбын­дағы көрмеде ақын өмірінен сыр шертетін қолжазбалар, кітаптар, тұрмыстық бұйымдар қойылған. Ғасырлар жүгін арқалап жеткен бағасы биік құндылықтар түпсіз тұңғиығына еріксіз тартып әкетеді. Біз сол көрмеден тағы бірер сөз ұсынсақ.

Кітап –

қымбат қазына

Алғашқы көрген жәдігерміз –  1933 жылы М.Әуезовтің басшылығымен Қызылорда қа­­ласында жарыққа шыққан ақын­ның кітаптары. Бұл кі­таптарда ақынның бұған де­йін Орынбор, Қазан қала­ла­­рында жарық көрген шы­­ғар­­малары жаңартылып ба­­­сылған. Әлбетте, бұдан сол ке­­зеңнің өзінде Абай шы­ғар­­­машылығына деген сұра­ныс­тың жоғары екенін аңға­ра­мыз. Иә, сол отыз-қырық жас­тың арасында дүние­та­ны­мы бөлек ақын өзінің адам­гер­­шілік, гуманистік, қоғам­дық, эстетикалық бағыт­тағы із­деністерін әлем ойшыл­дары­ның танымымен ұласты­рып, жалпы адамзаттық идеяларға жол таба білген. Сондай-ақ, ол халық даналығының күллі қадір-қасиетін бойына сіңіре отырып, қазақ поэзиясын жаңа  биікке алып шықты.

Абай 40 жасынан бастап ақындыққа біржола бет бұ­рады. Өлеңдері ел ішіне ауыз­ша және қолжазба тү­рін­де тарайды. Ақынның тұң­ғыш өлеңдер жинағы өзі қай­тыс бол­ғаннан кейін, інісі Кә­кі­тай, баласы Тұрағұлдың ең­бегімен 1909 жылы Санкт-Пе­тербургта басылып шыққан. «Қазақ ақыны Ибраһим Құ­нан­байұлының өлеңі». Бас­тырған: Кәкітай, Тұрағұл Құнан­бай­ұлдары» деген тақырыппен Санкт-Петербург қаласында жарық көріп, барлық данасы Семейге Кәкітайдың атына жі­беріледі. Осы жинаққа Абай­дың тұңғыш өмірбаяны, 145 өлеңі мен 2 поэмасы енгізіліп, фотосуреті берілген. Сондай-ақ, Абай өлеңдері 1909 жылдан бастап өзге тілдерге аударыла бастайды. Бүгінде ақынның 1922 жылы Ташкент және Қа­зан қалаларында шыққан өлең­дер жинағы, 1934, 1939, 1948, 1945, 1954, 1957 жылдары жа­рық көрген жинақтары музейде сақталған.

Күміс ер,

кісе белдік…

Көрмеде Абайдың күмістел­ген ері мен кісе белдігі өзгеше әсер сыйлайды. Он бес жасында отау иесі атанып, жиырмаға жетпей-ақ әкесі Құнанбайдың қасында жүріп, ел ішіндегі дау-дамайды шешуге атсалысқан ақылды Абайдың, Тоғжандай сұлуға ғашық болып, қосыла алмай шерменде күйге түскен бозбала Абайдың, одан соң кемелденіп, толысқан ел ағасы Абайдың, қазақ сөз өнеріне құнды қолтаңбасын қалдырып, әлем әдебиетіне қалам тартқан ғұлама Абайдың келбеті көз алдыңнан көлбеп өтеді.

Шәкірті Әлмағанбет му­зей­ге табыстаған Абайдың дом­бырасы, ақынның өзі ұс­таған, музейге де өз қолымен тапсырған аса таяғы, ас ішкен ағаш табағы да ерекше құнды жәдігерлер.

Абай ақын тоғызқұмалақ ойы­нын жақсы көрген екен. Сон­дай-ақ, жылдам ойлап, есеп­теу қызметін дамытатын осы ойынды балаларына үйре­теді. Көрмедегі ақынның өзі ұстаған тоғызқұмалақ тақ­тасы да көзге  ыстық.

Киелі

Жидебай жері

Абай есімімен тығыз байла­нысты киелі орындардың бірі – Жидебай. Көрмеде осынау киелі мекен жайлы кеңірек біле түстік.

Жидебай қорық-алқабы Се­мей қаласынан 178 шақырым жерде, Абай ауданында орна­ласқан екен. Оңтүстігінде – Шың­ғыс, батысынан Қы­дыр жоталары мен Шұнай, сол­түстігінен Өртең, оған жалғас шығысынан Орда, алыстан Архат тау сілемдері көзге ша­лынатын көрікті мекен. Шы­ғыстан Қарауыл өзені бой­лай келіп, мал жайылатын кө­галды қорық алқабы болған. Өскенбай, Құнанбай әулет­тері қоныстанғанға дейін бұл араны Жидебай есімді кісі ме­кендегендіктен, солай ата­лып қалған. Бұл мекенді Құ­нанбай әулеті 1840 жылдан қоныс қылған, Оспан отау кө­тергенде, қыстауды еншісіне қалдырып, Ақшоқы бауырына қоныс аударады. Ал 1894 жыл­дан қорық және қыстау үйді  Абай қоныс еткен. Ақынның шығармашылығы ерекше қар­қын алған кезі осы уақыт бол­ған деседі.

Иә, Абайдың өмірін то­лық білу алдымен ақынды ту­дыр­ған дәуір, тарихи орта, сол замандағы саяси-әкімшілік құ­рылыммен танысуға жете­лей­ді. Көрмедегі тарихи құ­жат­тар, құңды деректер мен фотосуреттер Абай өмір сүр­ген заман тынысымен таныс­тырады.

Абайдың балалық шағы ХІХ ғасырдың екінші жар­ты­сында өтті. Бұл кезде пат­шалық отарлау саясаты қар­қынды жүріп жатты. Қазақ елін отарлау ең алдымен ежел­ден қалыптасқан билеу жүйе­сіне реформа жасаудан бас­талады. Архив деректеріне сүйенсек, ақынның 19 жылға жуық ел билеу жұмысымен айналысқаны белгілі. Оның ішінде 12 жыл болыс-упра­ви­тель болса, алты жыл шарт­ты би болып сайланады. Абай­дың болыстық қызметіне қа­тыс­ты деректің бірі – 1875 жылы Қоңыр-Көкше болысы жайында облыстық санақ ме­кемесіне берген есебінің кө­шірмесі. Есепте бо­лыстықтағы адамдардың, малдың, қыстау­лардың саны толық көрсетіледі.

Ал 1878 жылы Семей қала­сында халықтың тұрмыс-сал­тын, шаруашылық жағдайын, табиғатын зерттейтін ғылыми орталық – Санақ комитеті құрылады. Оның жанынан 1883 жылы өлкетану музейі мен орталық кітапхана ашылады. Е.Михаэлистің ұсынысымен, Абай 1886 жылы Санақ коми­тетіне толық мүше болып сай­ланады. Сонымен бірге, 1883-1884 жылдары Абайды, балалары Ақылбай мен Ма­ғауияны  «Елге бастауыш бі­лім беру қоғамына» мүше етіп қабылдайды. Көрме экспо­зи­ция­сында осы аталған Санақ комитетінің 1899 жылғы есе­бі, Бастауыш білім беру қо­ғамы мүшелерінің жарнасы көр­сетілген құжат қойылған.

Көрмеде Құнанбайдың ана­сы, Абайдың әжесі, абыз қария Зере әжеміз жайлы жә­не ақынның анасы, ақылды да парасатты Ұлжан ана жай­лы, олардың шыққан тегі туралы деректер бар. Жалпы Өскенбайдан тараған ұрпақтың шежіресі сақталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<