Астана – алты алаштың рухани темірқазығы

1117

0

Облыстық ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» орталығы  мен  А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен Астана күніне арналған «АСТАНА-АЛТЫ АЛАШТЫҢ РУХАНИ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ» атты оқырмандар сағаты өтті. Жиынға облысқа белгілі зиялы қауым өкілдері, сәулетшілер, тарихшылар қатысты.

Шара барысында философия ғылымдарының докторы, Қорқыт  Ата атындаңы Қызылорда университетінің философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Баймырза Қожамберлиев Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үш тараудан  тұратын  «Еуразия жүрегінде» атты кітабы жайлы, сәні мен сәулеті келіскен Астананың айшықты келбетін сөзге  тиек етті. Сондай-ақ  «Сәулет» қала құрылысын дамыту және маниторинг бөлімінің басшысы Алмат Берікұлы Елбасының қажырлы күш-жігерінің арқасында  қанатын кеңге жайып бара жатқан Елорданың кешегі мен бүгінгі асқақтаған сәулеті тұрғысында Шүкір Шахайдың – «Астана жан жүрегім» және «Архитектура Астаны» атты кітаптарының ерекшеліктеріне тоқталып өтті.                          

Облыстық ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» орталығы  директорының орынбасары Сәулет Сахиев   жиынды қорытындылай келе бүгінгі шараның негізгі мақсаты ұлт руханиятын ғасырлар биігіне көтеретін«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғам арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру екендігін айтты. Сонымен бірге аға буын өкілдері,  өскелең ұрпақ, ел тізгінін ұстар жастар қауымының саналы, білімді ұрпақ болып қалыптасуының негізін қалап,қажырлы жұмыс жасап жатқандығын да атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<