«Әкем ән өнерінің биігінде әлі тұр.Тұра да бермек. Бір «Ақ баянның» өзі халық жүрегінде мәңгілік қалды. Демек, оләні барда көптің санасында бола береді». Әбсұлтан ағамен кездескенімде осылай дегеніесімде қалыпты. Бексұлтандай композиторды дүниеге әкелген Жаңақорған жеріндегісапарда даңқты музыканттың ұлымен бір уақ әңгімелесудің сәті түскен еді…
БексұлтанБайкенжеевтің қазақ ән өнерінде өзіндік орны бар. Еңбек жолын туған жеріндегіаудандық мәдениет бөліміне қарасты автоклуб меңгеруші болып бастағанкомпозитор ән шығарудан бөлек, драма үйірмесінің белсенді мүшесі болды.Көптеген пьесаларда басты рөлде ойнап, көрермен көңілінен шыға білді.
Қосүйеңкідегі қарапайымқой баққан қазақтың ұлы өнер десе ішкен асын жерге қоятын. Оқушы кездеинтернатта жүріп, домбыра шертіп, баян аспабын үйренген оның ән әлеміне қанатқағуы осы кезден басталды.
Сәл кідіріс жасап,композитордың шығармашылық жолына тоқталмастан бұрын «Ақбаян» әнініңшығу тарихын айтсақ. Осы әнді Сырдан шыққан сыршыл әнші, марқұм МәдинаЕралиева орындап, әннің атауы әншінің екінші есімі болып кетті. «ҚазақтыңАқбаяны» атанған Мәдинаның бағын ашқан осы әнді Бексұлтан институтқабырғасының бірінші курсында жүріп жазғанын біреу білсе, біреу білмес.
– Бірінші курста оқыпжүргенде Қармақшының Ақжар ауылында туып-өскен, филология мамандығында қатароқыған Баян деген апайдың туған күніне тарту болған ән еді ғой бұл. ӘкемӘбдімәлік Сыздықов деген досына өтініш айтып, әннің сөзін жаздырыпты. Ол кезстуденттердің қалтасы таяз уақыт, үлкен сыйлық апаруға мұрша қайда? Туғанкүнге сый етіп, әкей осы ғажайып туындыны дүниеге әкеліпті. Қызылорданың«Шанхай» деп аталатын шағын ауданында бас қосқан кешкі сауықта ән тұңғыш рет орындалады.Бұл 1968 жылы болған, – дейді композитордың ұлы Әбсұлтан аға.
«Ақбаян» – бар болғаныбір сағатта туған ән. Әбсұлтан ағаның әкесінен естігенінің ізімен айтсақ,әнді алғаш орындау сол кезде М.Мәметова атындағы педагогика училищесінеоқуға енді ғана түскен Қазалының «сары қызына» бұйырыпты. Бұл «сары қыз» кейінқазақ жұртына белгілі болған Мәдина Ералиева екен. Туған күн кешінде Мәдинаныңорындаған «Ақбаян» әні кейін радио арқылы Сыр бойынан асып, республикаға тезтарады. Бір сөзбен айтқанда, әншінің елге белгілі болуының бір сыры – әншығарушы композитордың еңбегінде еді.
– Марқұм Мәдина апамызелге келгенде әкеме соқпай кетпейтін. «Мәдина атымды ел ұмытқалы қашан,мені жұрт Ақбаян атап кетті ғой» деп күлетін. Әкем осы тұңғыш әнінен кейін«Жеңешем», «Ақшолпан», «Ақ гүлім», «Аққу» сияқты әндерді жарыққа шығарды.Институт бітірген соң өмірінің соңына дейін аудан орталығындағы Әлшекейатындағы өнер мектебінің директоры болып, қызмет істеді. Ән жазып қанақоймай, көп шәкірт тәрбиелеп кетті, – дейді Әбсұлтан аға.
Ол жүзден аса әнжазған. Көбісін елге белгілі әншілер орындады. Қазақстанның Халық артисі ЗейнепҚойшыбаева, ҚР еңбек сіңірген артисі Мәдина Ералиева, сондай-ақ СуатӘбусейітов, Венера Қармысова, Люция Төлешова, өзінің шәкірттері, мәдениетқайраткері Сауран Елеуов, Әбдірейім Өміров, Дүйсенхан Сыздықов, ОразғалиБидашов Бексұлтанның әндерін көпшілікке танытуда көп еңбек сіңірді. Айтпақшы,Бексұлтан жазған әндердің көбісіне «ақ» сөзі («Ақбаян», «Ақшолпаным», «Ақгүлім» «Аққу», т.б.) арқылы тақырып қойылса, оның бар сыры анасының есімі Ақнұрболуында жатыр. Ұлының айтуынша, әнші-композитор көбіне-көп әндерін анасыныңқұрметіне, сонымен бірге қазақ әйелдерінің сұлулығына арнаған сияқты көрінедіде тұрады.
1968-1972 жылдарыН.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының музыкафакультетін бітірген Бексұлтан облыс орталығындағы «Сыр сұлуы», «Нұргүл»ән-би ансамбльдерінің құрамында жүріп, Еуропа елдерінде, республикақалаларында болып, өнер көрсеткен. Бірнеше рет одақтық фестивальдардыңлауреаты атанды, түрлі дипломдармен марапатталғаны тағы бар.
Бексұлтан Байкенжеевалдыңғы буын Мүлкәман Қалауов, Тәңірберген Қалауов, Құлахмет Нәлтаев сияқтыұстаздарынан дәріс алған. Ал өзінің әріптес-досы Өмірбек Марсалиев екеуі 30жылдай дуэт болып ән шырқапты.
Бір қызығы, композитор1993 жылы 7 мамырда, яғни, қайтыс боларынан үш күн бұрын өзінің нағашысы,ақын, белгілі қаламгер Адырбек Сопыбековтің сөзіне жазылған «Сағыныпжүрші» әнін өмірге әкелген. Өзі де тым асығыс кетерін сезгендей, сөзді тезарада жаздырғанға ұқсайды.
«Жазбады ауруымды емшідемі,
Көңілім одан әрікөншімеді,
Жанымды түсінетін өзіңекен,
Сағынып, айналайын,жүрші мені…»
Осы бір соңғы шумақтыөзінің қалауымен жаздырған Бексұлтан ән нотасын сөзімен бірге қағазғатүсіріп, сиясы кеппеген күйі «Сыр бойы» газеті редакторы ӘскербекРахымбекұлына табыстапты. Тіпті, өзінің үлкен суретін сыйлас ағасына беріптұрып, «Аға, осы әнді кеше ғана жаздым. Газетке бассаңыз екен» деп қайта-қайтатапсырған көрінеді. Ал ертеңіне атақты композитордың қайтпас сапарға аттанғаныжөнінде суыт хабар жетті. Әскербек аға інісінің аманатын орындап, Бексұлтанжайлы кең көлемді толғанысқа толы мақала жазды.
Өзім әңгімелескенӘбсұлтаннан бөлек, композитордың Гүлнәр есімді қызы мен тағы бір ұлы Ермекмұғалім болып қызмет істесе, Дәулеткерей мен Дәурен музыка саласында тер төгіпжүр. Бексұлтан ағаның жары Шәрбану анамыз бүгінде Нұр-Сұлтан қаласыныңтұрғыны. Отағасының шаңырағын шайқалтпай, ұл-қызын тәрбиелеп, немере қызығынкөріп отырған құрметті әже. Өнерлі отбасының қазақ отбасына тән қасиеттіқалыптан таймай көпке үлгі болып келе жатқанына осылай куә болып қайттық. Аләке ұстаған баянды сызылта тартқан Әбсұлтан Бексұлтанұлы ЖаңақорғандағыМ.Көкенов атындағы мәдениет үйінің жанынан ашылған Бексұлтан Байкенжеевшығармашылық өнер мектебінің жетекшісі. 30 жылға жуық әке әндерін халыққанасихаттау жолында тер төккен ұлдың аузынан естіген сөзді қаз-қалпында қағазғатүсірдік. Расымен, Бексұлтандай ардақты тұлғаның ән өнеріндегі биік қалпынқұлатпай келе жатқан осындай тамаша туындылары қазақпен бірге жасай береді.
Ержан ҚОЖАСОВ,
Жаңақорған ауданы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<