Ежелгі Жанкент қалашығына қазба жұмыстары жүргізілмек

1288

0

Биыл Жанкент қалашығына үш қазба тобы археологиялық жұмыстар жүргізеді. Археологтар зерттеу жұмыстарын мамыр-маусым айларына жоспарлап отыр. Яғни бірінші отряд қалашықтың бас қақпасының ішкі бетіне қима салу әдісі арқылы және екінші топ бірнеше бөліктен тұратын ірі тұрғын жайға қазба және консервация жұмыстарын жасайды. Ал үшінші отряд қалашықтың цитаделінің бекіністі мұнараларын ашады.

-Керамика кешені мен жануарлар сүйектерін зерттеу бойынша ауқымды жұмыстар жүреді. Тиісті зертханалық талдаулар жасалғаннан кейін, жәдігерлер музей қорына өткізіледі. Ескерткіштің ерте дәуірлердегі мәдени қабаттары, қалашықтың батыс бөлігіндегі тұрғын кварталы, ішкі жоспарлары және цитаделдің мәдени қабаттарының ерекшеліктері жайлы тың деректер алудамыз. Бүгінде үлкен керамикалық материалдар жинақталды. Олардың типологиясы мен морфологиялық ерекшеліктері зерттеліп, өңделуде. Қалашықты туристік нысанға айналдыру мақсатында қазба нысандарында қайта қалпына келтіру жұмыстары да қолға алынды ,- деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Әзілхан Тәжекеев.

Сондай-ақ, аршылған нысандар бойынша сақтау, уақытша бекіту жұмыстары да жүргізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<