- Әйел ашуланса — жеңіледі, еркелесе — жеңеді.
- Әйел біткеннің бәрі де өздерінен сұлуырақ көрінген әйелге жау келеді.
- Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.
- Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.
- Әйел шынымен жылап алса, ажарланып кетеді.
- Қазақ әйелі азғана жәрдем бергенді ұмытпайды — тезірек еселеп, қайыруға тырысады.
- Қазақ әйелін «жан жолдасым» дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.
- Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бір кездессе — бірін-бірі жасырыңқырап тұрады да, ашықтық пен абайсыздық кездессе — бірін-бірі асырыңқырап тұрады.
- Саясат пердесін жамылғанымен саясатқа сия бермейтін жайларды түсінуге әйел ойы зерек келеді.
- Жер жүзінде қазақ әйелдерінен басқа бір әйел құдайын қарғай алмайды.
Гүлзия Қарақұлова
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<