Әкемнің күрең қасқасы

985

0

Бұрындары біздің отбасымызда әкемнің күрең қасқа тұлпары болатын. Бұл жылқының төресі тұрысы мен жүрісі бөлек, сұлу да кербез жануар еді. Оның қасиеті бір адамға ғана тоқтап, бағынатынынан байқалатын. «Сүрінбейтін тұяқ болмайды» демекші, жүріп келе жатқанда сүрініп кетсе, сонысына ұялып, мінген адамынан кешірім сұраған секілді бір рет бұрылып қарап, содан кейін ғана жүрісін жалғастыратын. Адалдығы соншалық егесін ешқашан жалғыз тастап кетпейтін.

Белгілі бір себептерге байланысты жылқыны сатуға мәжбүр болдық. Жануар сатып алған адамның ырқына көнбей мінез шығарып, жаңа иесін тістеп алыпты. Содан кейін қожайындары жылқының мінезін басу үшін оны ақталап тастаған екен. Сол сәтте жылқының көзінен жас парлаған көрінеді. Өз егесінен ажырағысы келмеген жылқы малы ақыры сол бас имеген күйі жантәсілім етіпті.

Мақсат ҚОСЫМБАЕВ,

ҚМУ студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<