ҰЛТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

777

0

Мәдениет – жұртшылықтың қалыптасқан өмір салтына байланысты барлық адамға тән, өмір туралы көрініс беретін құндылықтар жүйесі. Демек, мәдениет пен құндылық бір-біріне алыс  емес.

Әлбетте,  қазіргі  қоғамда  жалпыұлттық мәдениетіміз дамып, жаңаша көзқараспен  ұштасып,  салт-дәстүріміз  де жаhандануда. Біз де жас  ұрпақты  өз халқының салт-дәстүрін сақтауға және өмірмен байланыстыруға, ынталандыра түсуге тиіспіз.  Өйткені,  адамның   дамуы мен  қалыптасуына әлеуметтік ортадағы  қарым-қатынастар әсер етеді. Осыны  ескере отырып, біз әрбір  өтілетін іс-шараға өз  салтымыздың  әдемі  де көркем тұстарын заманауи  түрде енгізіп отыруымыз қажет.

Қазақ ұлтының салт-дәстүрі, мақал-мәтелі, ырым-тыйымдары – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан құндылықтар. Қайсыбірін алсаңыз да ізгілікке, жақсылыққа, шеберлік пен өжеттікке, тектілікке тәрбиелейді. Мысалы, халқымыз  барлық  дәулетін, малы  мен  барын «тойға  бұйырсын» деп  жинайды. Құрсақ  шашу,  шілдехана, тұсаукесер, сүндет той, қыз  ұзату,  келін түсіру – осылардың бәрінің өзіндік мән-мағынасы, өз тәртібі, өз сыйластығы,  бәрі-бәрінің   тәрбиелік мәні  бар.    

Халқымыз қай нәрсені де тез үйреніп, игеріп кетеді. Бұл ұлттың ерекше қабілетін паш етеді. Бірақ, жақсы мен жаманды айырып, өз салт-дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді ұмытпайық. Жеті атамыздың есімін жаттаған, қаны таза, пейілі кең жұрт едік қой. Осы құндылықтарымызды, рухани мәдениетімізді дамытуға қолданайық.

Эльвира ӘБДІРАХМАНОВА,   

№230  орта мектебі КММ 

бастауыш пәні мұғалімі. 

Арал  ауданы, Жіңішкеқұм ауылы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<