Наурыз – керемет мезгіл мезеті, алғыс айту күні, аналар мерекесі, көрісу күні, жыл басы – бәрі де наурыз айында. Бұл айда адам ғана емес, күллі жаратылыс иесі жаңғырып, шат-шадыман күйге бөленеді.
Құрметті Сыр елі халқы, әрбіріңіздің қуанышыңызды еселеп, жер мен көкті нұрландырып жеткен Наурыз мерекесі баршаңыздың отбастарыңызға тыныштығы мен берекесін ала келсін.
Табиғат ананың күллі тіршілікке мейірім танытқан мезеті сіздерді мол ырысқа, зор табысқа кенелтіп, амандық-саулық сыйласын.
Дүниені дүрліктірген дерт келмеске кетсін, алдағы өміріміз тек бақыт нұрын төксін.
Тәуелсіздік кезеңінде еліміз ұлан-асыр жетістіктерге жетіп, халқымыздың әлем алдындағы беделі бекемделіп келеді. Тарих біздің осы биік тұғырымызды аласартпасын, ұжданды ұрпағымыз Мәңгілік елдің иесі болсын.
Сиыр жылы сыйлы жыл болсын, ақсақалдарымыздың батасы айтқандай, ақ мол болсын, ұлыс оң болсын!
Сағатбек СҮЛЕЙМЕН,
облыстық Соттар әкімшісінің басшысы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<